Date of publication: 17.07.2024 11:32
Date of changing: 17.07.2024 11:33

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемелекеттік кірістер департаменті салық төлеушілердің назарына кедендік тазартудан кейін үшінші елдерден импортталған тауарларды уақытша сақтау қоймасынан (бұдан әрі – УСҚ) салық төлеушінің қоймасына өткізу, яғни «бөлінбеген қоймадан» кәсіпкердің қоймасына ауыстыру «өткізу» нысаны бойынша электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) арқылы жүргізілді.

Салық төлеушілер өтініш бергенге дейін УСҚ – дан қоймаға кедендік тазартудан кейін импорттық тауарларды өткізуге ілеспе жүкқұжаттарды (бұдан әрі-ТІЖ) жазып берудің техникалық мүмкіндігі болған жоқ.

Өтінішті қарау нәтижелері бойынша кедендік тазартудан кейін импорттық тауарларды «бөлінбеген қоймадан» салық төлеушінің қоймасына ауыстыруға ТІЖ ресімдеу кезінде лицензияның болуын форматты-логикалық бақылауды өшіру туралы шешім қабылданды. Форматты-логикалық бақылауды өшіре отырып, ЭШФ АЖ жаңарту 2024 жылдың 20 маусымда жүргізілді.

Сондай-ақ, тауарларды кедендік тазартудан кейін
АСТАНА-1 АЖ автоматты режимде литрмен «бөлінбеген қоймаға» түседі, ЭШФ АЖ-да «бөлінбеген қойма» шегінде «әртүрлі өлшем бірліктері арасында айырбастау» түрімен «бөлшектеу» нысанын жасау мүмкіндігі қосымша іске асырылды. Бұл жаңарту 2024 жылғы 1 шілдеде ЭШФ АЖ-да орнатылды.