Date of publication: 15.07.2024 17:28
Date of changing: 15.07.2024 17:30

2024 жылғы 15 шілдеде жалпыға бірдей декларациялау аясында Мемлекеттік кірістер департаменті Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен бірлесіп, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ШҚО бойынша филиалының қызметкерлерімен «Активтер мен міндеттемелер туралы» 250.00 СЕН, «Кірістер мен мүлік туралы» 270.00 СЕН бойынша декларацияларды толтыру тәртібі жайлы семинар өткізді.

Семинар барысында «Е - Салық Азамат» мобильді қосымшасы арқылы декларацияларды тапсыру, сондай-ақ қате ұсынылған декларацияларды кері қайтарып алу (бұрын тапсырылған декларацияларда салық кезеңі, мемлекеттік кірістер органының коды, салық есептілігінің түрі дұрыс көрсетілмеген жағдайларда) тәжірибелік көмек көрсетілді.

Мемлекеттік кірістер органдарының мамандары салық төлеушілердің барлық сұрақтарына толыққанды жауап берді.