
Халықпен кездесулер азаматтармен ашық диалог құруға, өңір тұрғындарының өзекті мәселелерін тыңдауға және жедел шешуге, сондай-ақ, Мемлекет басшысы белгілеген халық үніне құлақ асатын мемлекет саясатын іске асыруға мүмкіндік береді.
Кездесу барысында Ержан Біржанов ҚР жаңа Салық кодексін әзірлеудегі негізгі бағыттар, жалпыға бірдей декларациялау, жеке тұлғалардың банкроттық рәсімі туралы айтып, ҚР Қаржы министрлігінің қызметіндегі басқа да маңызды салаларды қозғады.
Іс-шара аясында ҚР Бюджет Кодексі мен «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңында негізгі өзгерістер және халық пен бизнесті қолдау үшін қабылданып жатқан Үкімет шаралары атап өтілді.
Сөз соңында вице-министр кездесуге қатысушыларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді.