Date of publication: 28.06.2024 08:50
Date of changing: 28.06.2024 09:34

 

2024 жылғы 27 маусымда Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – ҚР ҚМ МКК) «Атамекен» ҚР ҰКП-мен бірлесіп «Мемлекеттік бақылау органдарының Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі-ЕАЭО) кедендік шекарасына және ЕАЭО кедендік шекарасына сәйкес келмейтін ҚР мемлекеттік шекарасы арқылы нақты тауарлардың өткізілуін бақылау функцияларын жүзеге асыру мәселелері бойынша түсіндіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Спикерлер:

Карисов Берік Қанатұлы, ҚР ҚМ МКК аудит департаменті ЕАЭО шеңберінде қосылған құн салығын әкімшілендіру басқармасының (бұдан әрі - ҚҚС) бас сарапшысы;
Мусаханов Жасұлан Бақытбекұлы, ҚР ҚМ МКК Шығыс-Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі - МКД) ЕАЭО шеңберіндегі ҚҚС әкімшілендіру басқармасының экспорттық бақылау бөлімінің басшысы;
Сүлейменова Жадыра Мақсатқызы, ҚР ҚМ МКК Абай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің ЕАЭО шеңберінде ҚҚС әкімшіленліру басқармасының басшысы.