
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Telegram мессенджерінде сіздің банктік шоттарыңызды бұғаттау мәселелері, жергілікті салықтар бойынша есептеу және берешек мәселелері, жалпыға бірдей декларациялау мәселелері бойынша, оның ішінде 250.00 және 270.00 нысандарындағы есептілікті ұсыну бойынша, сондай-ақ есеп беру мәселелері және жеке тұлғалардың банкроттық мәселелері бойынша мәліметтерді жедел алуға мүмкіндігіңіз бар екенін салық төлеушілердің назарына жеткізеді. Ақпарат алу үшін іздеу батырмасында @Salykbot теріп, содан кейін чатқа өтіп, мәзірден сізді қызықтыратын сұрақ тақырыбын таңдау керек. Сондай-ақ, сіз салық заңнамасын түсіндіру мәселелері бойынша республикалық байланыс орталығының 1414 нөміріне, қосымша нөмірге (3) немесе тіркелген жеріңіз бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына жүгіне аласыз.