Date of publication: 21.06.2024 14:15
Date of changing: 21.06.2024 14:16

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2024 жылғы 20 маусымнан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 74-VIII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шегілмейтін темекі бұйымдарын, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салынғанын хабарлайды.