Date of publication: 20.06.2024 09:46
Date of changing: 20.06.2024 09:47



Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2024 жылғы 10 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 10 маусымдағы №214 бұйрығына сәйкес, ЕАЭО СЭҚ ТН 4406910000 "Теміржол немесе трамвай жолдарына арналған қылқан жапырақты тұқымдардан жасалған ағаш шпалдар, өзгелер" кодын және шыққан елі Қазақстан Республикасы болып табылатын ЕАЭО СЭҚ ТН 4401310000 "Ағаш түйіршектері" кодын қоспағанда, шығарылған еліне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 4401, 4403, 4404, 4406 және 4407) алты ай мерзімге көліктің барлық түрлерімен әкетуге тыйым салынғанын хабарлайды.