Date of publication: 19.06.2024 18:40
Date of changing: 19.06.2024 18:41

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ



Бүгін, 2024 жылғы 19 маусымда Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Атамекен» ҚР ҰКП, құқық қорғау және уәкілетті органдардың, БАҚ өкілдерінің қатысуымен өндіріс, қызмет көрсету, сауда бойынша түрлі бағыттағы бизнес субъектілері үшін: туризм, мейрамханалар/кафелер, автожуу, «үйдің» жанындағы дүкендер, қонақ үйлер және т. б. салық заңнамасын түсіндіру бойынша кең ауқымды көшпелі семинар өткізді.
Семинарды Департамент басшысының орынбасары Сайранқан Қабыш ашып, өз сөзінде облыс тұрғындарының салық сауаттылығын арттыруға, әділ салық салуды қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономика деңгейін төмендетуге бағытталған іс-шараның маңыздылығын атап өтті.
Шығыс Қазақстан облысы – адами және табиғи әлеуеті мол еліміздің тау-кен өнеркәсіптік өңірі, оның ауданы - 98 мың шаршы шақырым, ал тұрғындарының саны 2024 жылғы 1 сәуірге - 726,4 мың адамды құрайды.
Өскемен қаласы бойынша 43 520 бизнес субъектісі тіркелген, оның 72,2%-ы жеке кәсіпкерлер (заңды тұлғалар - 12 085, ЖК-31 435). Өңірдің экономикалық тұрақтылығын өнеркәсіп айқындайды, өңірдің басты тауары өнеркәсіптік өндіріс өнімдері болып табылады.
Семинар барысында Департамент өкілдері салық органдарында тіркеу есебіне қою, БКМ мен терминалдарды қолдану, салық есептілігінде жалдамалы қызметкерлердің табыстарын көрсету, туризм объектілеріне салық салу тәртібі туралы заңнаманың ережелерін айтты.
Семинарға қатысушылардың назарына 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап салық заңнамасындағы жалпы өзгерістер, жалпыға бірдей декларациялау және мобильді аударымдар мәселелері жеткізілді.
Сонымен қатар, спикерлер тауарларға ілеспе жүкқұжаттар және алкоголь өнімдерін сақтауға және бөлшек саудада сатуға лицензия алу тәртібі туралы хабарлады.
Семинар барысында Департаменттің, құқық қорғау және уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері Өскемен қаласының тұрғындарының сұрақтарына жауап берді, семинар соңында қатысушыларға салық салу, жалпыға бірдей декларациялау бойынша жадынамалар/буклеттер табыс етілді.