Date of publication: 18.06.2024 15:39
Date of changing: 18.06.2024 15:44

2024 жылғы 14 маусымда ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен бірлесіп «Бірге даму үшін» #BIRGEDAMYUSHIN тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Қазақстан - Американдық Еркін университетінің студенттері мен мемлекеттік қызметшілер арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру және салық заңнамасындағы мәселелерді тану» тақырыбында пікірталас турнирін өткізді.
Іс-шараның мақсаты жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын, салықтық сауаттылығын және құқықтық мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Пікірталас турниріне екі команда қатысты. Бірінші команда Мемлекеттік кірістер органдарының мүдделерін қорғады және ведомство қызметінің елдегі ішкі процестерге оң әсерін тигізеді деген көзқарасты қорғады. Екінші команда оппозицияны таныстырды және қарама-қарсы көзқарасты ұстанды.
Пікірталасқа қатысушылар жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді тетіктері, онлайн бақылау-кассалық машиналарды қолдану және БКМ чегін беру, бизнесті қалай ашу, арнайы салық режимдерінің артықшылықтары, жеке тұлғалардың банкроттығы, жалпыға бірдей декларациялау және ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің «e-Salyq Azamat», «e-Salyq Business», «Salyq Bot» чат-ботының салық және кеден сұрақтары аясындағы қызметтер алу кезіндегі мүмкіндіктері сияқты маңызды тақырыптарды қозғады.
Пікірталас турниріне қатысу, қатысушылардың айтуынша, мемлекеттік қызметкерлер мен студенттерге сыни ойлау, өз ұстанымын қорғау, байланысқа бейімділік және шығармашылық сияқты пайдалы дағдыларды шыңдауға мүмкіндік береді.
Мұндай пікірталас турнирлері бірнеше мәрте өткізіліп келеді және өз жалғасын таппақ. Пікірталас турнирінің қорытындысы бойынша белсенді қатысушыларға ШҚО бойынша МКД дипломдары табыс етіліп, Басшылық атынан алғыс айтылды.