Date of publication: 14.06.2024 10:54
Date of changing: 14.06.2024 10:56

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың 3 кезеңі басталды, оның шеңберінде 250.00 нысанындағы «Активтер мен міндеттемелер туралы» декларацияны заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары ұсынуға міндетті.
Жалпыға бірдей декларациялаудың негізгі міндеті әділ салық салуды қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономика деңгейін төмендету болып табылады.
250.00 нысанындағы «Активтер мен міндеттемелер туралы» декларацияны бір рет – жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне кірген кезде ұсынады. Әрі қарай 2025 жылдан бастап жыл сайын 270.00 нысанындағы «Кірістер мен мүлік туралы» декларация ұсынылады.
Декларацияларды «Салық төлеушінің кабинеті», «ҚР электрондық үкіметі» веб-порталдары, «e-SalyqAzamat», «Halyk», «Bank CenterCredit» мобилді қосымшалары арқылы ұсынуға болады. Қазіргі таңда 250.00 нысаны бойынша «Активтер мен міндеттемелер туралы» декларацияны Kaspi.kz. мобилді қосымшасында ұсынуға болады. Декларацияны 2024 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей ұсыну қажет.
Техникалық жаңылысуларды және ақпараттық жүйелерге жүктемені болдырмау үшін Мемлекеттік кірістер органдары жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде 250.00, 270.00 нысанды декларацияларды алдын ала тапсыруды ұсынады.