Date of publication: 12.06.2024 11:58
Date of changing: 12.06.2024 12:00

2024 жылғы 10 маусымда Өскемен қаласында ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі» алаңында салық төлеушілер мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Салықтық тексерулер жүргізу тәртібі мен мерзімдері. БКМ қолдану» тақырыбында брифинг өткізді.
Брифинг аясында ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Сайранқан Қабыш салықтық тексерулер жүргізудің тәртібі мен мерзімдері туралы айтты.
Спикер тексеру түрлерімен таныстырды, тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімді салықтық тексерулер жүргізу тәртібіне егжей-тегжейлі тоқталды.
Өз сөзінде ШҚО бойынша МКД басшысының орынбасары 2024 жылдан бастап бақылау-кассалық машиналарды қолдану бөлігінде қандай өзгерістер болғанын айтып, БКМ қолдану тәртібі туралы жеткізді, кәсіпкерлердің БКМ қолдану жөніндегі талаптарды бұзуы әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтыратынын еске салды.
Брифинг соңында Департамент басшысының орынбасары БАҚ-тың барлық сұрақтарына жауап берді.
Толық ақпарат келесі сілтеме бойынша:
https://fb.watch/sCIRh_l9Sm/