Date of publication: 12.06.2024 11:28
Date of changing: 12.06.2024 11:31

2024 жылғы 11 маусымда Мемлекеттік кірістер департаменті Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен бірлесіп, «Өскемен қаласының №2 қалалық емханасы» КМК қызметкерлерімен жалпыға бірдей декларациялау тақырыбы аясында семинар өткізді.

Семинар барысында «Е - Салық Азамат» мобильді қосымшасы арқылы декларацияларды тапсыру, сондай-ақ қате ұсынылған декларацияларды кері қайтарып алу (бұрын тапсырылған декларацияларда салық кезеңі, мемлекеттік кірістер органының коды, салық есептілігінің түрі дұрыс көрсетілмеген жағдайларда) тәжірибелік көмек көрсетілді.

Мемлекеттік кірістер органдарының мамандары салық төлеушілердің барлық сұрақтарына толыққанды жауап берді.