
2024 жылғы 06 маусымда ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 10 жыл толуына орай қызметкерлердің балалары арасында шығармашылық сурет байқауын ұйымдастырды.
Департамент қабырғасында жас қонақтарды ШҚО бойынша МКД басшысының орынбасары Қазыбек Қойшинов қарсы алды.
Тақырыпты ашудың өзіндік ерекшелігі, идеяның жаңашылдығы сияқты байқаудың талаптарына сәйкес келетін 9 жұмысты комиссия жүлделі орындарға ұсынғанға іріктеп алды.
14 жасқа дейінгі балалар арасындағы балалар суреттері байқауының қорытындысы бойынша ШҚО бойынша МКД-нің грамоталарымен және естелік сыйлықтарымен келесі жас санатындағы балалар марапатталды:
1 топ 7 жасқа дейін:
1 орын – Бекасыл Азаматов;
2 орын – Айдие Исанова;
3 орын – Асанәлі Ақылбек.
2 топ 7 жастан 10 жасқа дейін:
1 орын – Дамель Кабидолдина;
2 орын – Әлім Жомартұлы;
3 орын – Анель Дәулетқанова.
3 топ 10 жастан 14 жасқа дейін:
1 орын – Раддим Галимханов;
2 орын – Аделя Рамазанова;
3 орын – Фариза Нұрмұханбетова.
Сондай-ақ, іс-шараның барлық қатысушыларына грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. ШҚО бойынша МКД басшысының орынбасары Қазыбек Қойшинов қонақтарға байқауға қатысқандары үшін алғыс айтып, барлық салада – оқуда, шығармашылықта және спортта жеңістер тіледі.
Іс-шара соңында барлық балалар тәттілері бар үстелге шақырылды.