Date of publication: 07.06.2024 12:50
Date of changing: 07.06.2024 12:52

2024 жылғы 04 маусымда ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Ертіс» Әлеуметтік - кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ алаңында «Жалпыға бірдей декларациялау, 270.00 СЕН түсіндіру» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар аясында Департаменттің Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова қатысушыларға заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыбы) үшін жалпыға бірдей декларациялаудың 3 кезеңінің басталуы туралы, өзгерістерді ескере отырып, 270 СЕН нысанындағы «Кірістер мен мүлік туралы» декларацияны толтыру тәртібін тыңдаушылардың назарына жеткізді, осы тақырыптар бойынша жиі келіп түсетін сұрақтарға жауап берді.

Іс-шара соңында декларацияны тапсыруға көмек көрсетілді.