Date of publication: 31.05.2024 16:56
Date of changing: 31.05.2024 16:59

2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 305 бабына сәйкес (02.01.2024 ж өзгерістер мен толықтырулар) салық төлеушілердің барлығы АЕК-тің 325 000 есептелген сомасынан асатын алдыңғы салық кезеңінің алдындағы салық кезеңіндегі  өзгертулерді ескере отырып, жылдық кіріс ай сайын 25-нен кешіктірмей аванстық төлемдерді төлеуге міндетті.

Салық кезеңі аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің "Салық кезеңі үшін есептелген корпоративтік табыс салығы салық кезеңі ішінде есептелген аванстық төлемдер сомасынан асып кетуі, декларация бойынша корпоративтік табыс салығының сомасы аванстық төлемдер сомасынан 20 пайызға асатын болса, онда 278-баптың тармағына сәйкес асып кету сомасының 20 пайызы мөлшерінде айыпбұл салынады, егер қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін қамтымаса, - іс-жүзіндегі салықтан асып кету сомасынан жиырма пайызы мөлшерінде айыпбұл салуға әкеп соғады.

ҚР ӘҚБтК 278-бабының 3-тармағының мақсаттары үшін тұлға салық кезеңі ішінде корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер бойынша есеп айырысуларды ұсынбаған жағдайда да әкімшілік жауапкершілікке тартылады, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес табыс етілуге жатады. Бұл ретте аванстық төлемдердің есептелген сомасы нөлге теңестіріледі.