Date of publication: 31.05.2024 14:33
Date of changing: 31.05.2024 14:39

 

ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Бұқтырма су қоймасының Самар жағалауында көшпелі семинар өткізді

 

 

Бүгін, 2024 жылғы 31 мамырда ШҚО Самар ауданында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Атамекен" ҚР ҰКП, құқық қорғау және уәкілетті органдар, БАҚ өкілдерінің қатысуымен салық заңнамасын түсіндіру бойынша кең ауқымды көшпелі семинар өткізді.

Семинарды Департамент басшысының орынбасары Сайранқан Қабыш ашып, өз сөзінде облыс тұрғындарының салық сауаттылығын арттыруға, әділ салық салуды қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономика деңгейін төмендетуге бағытталған іс-шараның маңыздылығын атап өтті.

Шығыс Қазақстан облысы – адами және табиғи әлеуеті мол еліміздің тау-кен өнеркәсібі өңірі, оның ауданы-98 мың шаршы шақырым, ал халық саны 2024 жылғы 1 сәуірге – 726,4 мың адамды құрайды.

Самар ауданы - өсімдік және мал шаруашылығы бойынша ауылшаруашылық аймағы, сонымен қатар Бұқтырма су қоймасының жағалауларын қамтитын туристік демалыс орталықтарының бірі. Аудан жағалауында жазғы демалыс үйлері қызметін жүзеге асырады.

Самар ауданында бизнес субъектілерінің саны – 1 028 (заңды тұлғалар-156, ЖК-872).

2023 жылы салық түсімі 2022 жылғы көрсеткіштерден едәуір асып түсті және Самар ауданы бойынша мемлекеттік бюджетке түсімдер 3,3 млрд.теңгені құрады, өткен жылмен салыстырғанда (2022 жылы – 2,5 млрд. теңге) түсімдердің өсуі – 0,8 млрд. теңгені немесе 132% - құрады.

Семинар барысында Департамент өкілдері 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап салық заңнамасындағы жалпы өзгерістерді айтып, жалпыға бірдей декларациялау және мобильді аударымдар мәселелерін жария етті.

Сондай-ақ, семинарға қатысушылардың назарына салық органдарында тіркеу есебіне қою, БКМ мен терминалдарды қолдану, салық есептілігінде жалдамалы жұмыскерлердің табыстарын көрсету, туризм объектілеріне салық салу тәртібі туралы заңнаманың ережелері жеткізілді. Сонымен қатар, спикерлер тауарларға ілеспе жүкқұжаттар және алкоголь өнімдерін сақтауға және бөлшек саудада сатуға лицензия алу тәртібі туралы хабарлады.

Семинар барысында Департаменттің, құқық қорғау және уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері Самар ауданы тұрғындарының сұрақтарына жауап берді, семинар соңында қатысушыларға салық салу, жалпыға бірдей декларациялау бойынша жадынамалар/буклеттер табыс етілді.