
2024 жылғы 30 мамырда сағат 17.00 - де ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Шығыс Қазақстан облысының басқа мемлекеттік органдарымен қатар, С.Аманжолов атындағы ШҚУ және «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ғимараттарында бір уақытта өткізілген «Халық заңгері» республикалық әлеуметтік акциясына қатысты.
«Халық заңгері» әлеуметтік акциясы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы әлеуметтік шиеленісті жоюға, мәселелерді шешуге және тегін заң көмегін көрсетуге бағытталған.
Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына өз сұрақтарын қою және тегін заң көмегін, соның ішінде салықтық және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша көмек алу мүмкіндігі берілді.
Сонымен қатар, Департамент қызметкерлері жалпыға бірдей декларациялаудың 3 кезеңі, мобильді аударымдар және «E-Salyq Азамат», «e-Salyq Business» мобильді қосымшаларын пайдалану мүмкіндіктері мәселелері бойынша кеңес берді.