Date of publication: 30.05.2024 18:01
Date of changing: 30.05.2024 18:04

 

2024 жылғы 29 мамырда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің, Қазақстан - Американдық еркін университетінің түлектері мен оқытушылары үшін қызығушылық тудыратын сұрақтарына түсіндірме жүргізу және жұмыс барысын көрсету арқылы «Ашық есік күні» іс - шарасы өтті.

«Ашық есік күнін» Департамент басшысының орынбасары Сайранқан Қабыш ашты.

Басшының орынбасары өз сөзінде іс-шараның мақсаты жастардың салық және кедендік сауаттылығын арттыру болып табылатынын атап өтті.

«Ашық есік күні» аясында студенттерге оқу курсынан өту кезінде алған білімдерін бекіту, ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметімен танысу, жедел басқармаларының функциялары туралы көптеген пайдалы ақпарат алу мүмкіндігі ұсынылды.

Студенттерге Мемлекеттік кірістер органдарының қызметі, негізгі міндеттері мен функциялары, жалпыға бірдей декларациялаудың 3 кезеңі, мобильді аудармалар, ҚР ҚМ «E-Salyq Azamat», «E-Salyq Business» МКК цифрлық сервистерінің және @SalyqBot чат-ботының артықшылықтары туралы Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова айтып берді.

Әрі қарай Департаменттің кеден бағытының  қызметі туралы Тарифтік реттеу басқармасының басшысы Руслан Нұрлыбеков баяндады.

Мемлекеттік кірістер органдарының құрылымы, мемлекеттік қызметке қабылдау ережелері туралы студенттердің сұрақтарына Адам ресурстары басқармасының басшысы Зульфира Нигмеджанова толыққанды жауап берді.

Іс-шара барысында студенттерге Мемлекеттік кірістер органдарының қызметі бойынша бейнероликтер көрсетілді. Сонымен қатар, кездесуге қатысушыларға кеден бекеттерінің жұмыс барысында қолданатын құралдарды көрсете отырып, кедендік бақылау жүргізу регламенті көрсетілді, онда түлектер кедендік тексеру жүргізуге үлкен қызығушылықпен қатысты.

Іс-шараны қорытындылай келе, Департамент басшысының орынбасары жас мамандардың кәсіби болашағын құруға көмектескені үшін оқытушыларға алғысын білдірді. Сондай-ақ, Сайранқан Қабыш ЖОО түлектеріне ШҚО бойынша МКД мамандарының қатарын толықтыруға шақырды.

Өз кезегінде оқытушылар Департамент өкілдеріне студенттердің білімін іс жүзінде арттыруға мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдірді.

Студенттерге арналған Ашық есік күні соңында Камералдық мониторинг басқармасының басшысы Гулжанат Беркутова ШҚО бойынша МКД мұражайы бойынша экскурсия өткізді.