Date of publication: 28.04.2015 18:37
Date of changing: 21.10.2019 15:34

Шығыс Қазақстан облысының аумағында  280 мыңнан астам көлік құралдары тіркелген, олардың ішінде салық салуға жатқызылатын объектілердің 212 мыңнан астам көлік иелері жеке тұлғалар болып табылады. Жыл сайын төлеу мерзімі жеткеннен кейін, мемлекеттік кірістер органдарымен салықтарын төлеу бойынша міндеттерін орындауға асықпайтын тұлғалар анықталады. Мысалы, 2013 жылы  салықты төлеу бойынша ҚР БСАЖ деректер базасы және тіркелген көлік құралдары бойынша әкімшілік полициясының деректер базасына салу нәтижесі бойынша 2014 жылы  жалпы алғанда 180 738,4 мың теңге сомасында  10060 салық төлеуші  анықталып, өсімпұлмен салықты төлеуге тартылды. 

ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бастауымен 2015 жылы облыс әкімімен ШҚО Әділет департаменті және Ішкі істер департаментінің бірлесіп жүргізу шараларының Жоспары (2015 жыл 19 ақпан) бекітілген, соған сәйкес, Өскемен және Семей қалаларында мәжбүрлеп өндіру шараларын толық қолданумен КҚ-ға салық бойынша салықтық берешекті төлеу туралы сот органдарының шешімін орындамаған автокөлік иелерін анықтау бойынша «Поток» және «Циклоп» аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдану арқылы бірлескен  рейдтік шаралар жүргізілуде.

Сонымен бірге, салықты қасақана төлемеушілермен күрестің бір түрі, бұл әкімшілік полиция органдарымен арнайы машина мен ақпарттық жүйе «Поток» пайдалану арқылы анықтайды. Полиция органдарының деректер базасына салық органдары салық төлемеген автокөліктер тізімін енгізеді, сол кезде арнайы машинаны қолдану арқылы жолдағы көліктердің жалпы ағымынан автоматты түрде мемлекеттік нөмірлері оқылады,егер бұл көліктің салығы төленбесе, полиция инспекторына сол автокөлікті тоқтату туралы белгі беріледі.

Сонымен қатар, салық төлеуден жалтарған жеке тұлғаларға қатысты сот бұйрығын шығару үшін сот органдарына материалдары жолданады-бұл соттың істі қараусыз және борышкерді сотқа шақырусыз салық органының өтінішін сотпен қарауға арналған оңайлатылған процедура. 2014 жылы жалпы сомасы 19 702,0 мың теңге  болатын көлікке салықты өндіру туралы 356 сот бұйрығы шықты, оның ішінде жалпы сомасы 11088,0 мың теңге болатындай 244 автокөлік иелерінен берешекті мәжбүрлеп өндіру жүргізілді.

Егер борышкер сот бұйрығын орындаудан жалтаратын болса, әрекеттегі заңдылыққа сәйкес, салық төленбеген автокөлікті пайдалануға тыйым салынады, сонымен бірге, олар ұсталып, айыппұл тұрағына орналастырылады. Басқа сөзбен айтқанда, автокөлік құралын пайдалану салықтық міндеттілікті жүргізген жағдайда ғана мүмкін болады.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті автокөлік иелерінің назарын мына жағдайға аударады. Қазіргі таңда «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістер жайлы көптеген дау-дамайлар туындауда, атап айтқанда, техникалық бақылау орталықтарымен ағымдағы жыл үшін КҚ техникалық байқаудан өту кезінде КҚ иелерінен көлік құралдарының салығын төлеу туралы түбіртектерінің талаптарын жою бөлігінде.

Сонымен қатар, «Салық бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» ҚР Кодексінің 369 бабының 3 тармағына сәйкес, көлік құралдарын тіркеуден, қайта тіркеуден немесе мемлекеттік техникалық байқаудан өткізген жағдайда, жеке тұлғалар көрсетілген әрекеттерді жасағанға дейін салықты  есептейді және бюджетке төлеуді жүргізеді.

Қазіргі күні мемлекеттік кірістер органдарымен техникалық байқаудан өту кезінде КҚ салық төленбеу деректерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізіледі. Осындай деректер анықталған жағдайда, салық төлеушіге анықталған бұзушылықты жою туралы хабарлама жолданады. Хабарлама берілген күннен бастап 30 жұмыс күн өткеннен соң, салық төлеушімен бұзушылық жойылмаса, әрекеттегі заңдылықпен сот органдары арқылы бюджетке салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіруге соттың бұйрығы шығарылады. Сонымен бірге, ҚР ӘҚБ Ко 288 бабы бойынша салық төлеушінің мемлекеттік кіріс органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамауы – сегiз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғатындығы туралы борышкерге әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылады.

Салықты төлеу әр азамттың конституциялық міндеті болып табылады. Мемлекеттік кірістер органдары барлық автокөлік иелеріне өз уақытында көлік құралдарына (техникалық байқаудан өткенге дейін)салықты бюджетке төлеу бойынша салықтық міндеттіліктерін орындауға және әкімшілік жаза мен сот органдары арқылы салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіру жағдайына жеткізбеуге  шақырады.