Date of publication: 15.05.2024 10:25
Date of changing: 15.05.2024 10:26

2024 жылғы 13 мамырда 107,9 FM «МИКС» радиостанциясының алаңында ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова «Жалпыға бірдей декларациялау. Мобильді аударымдар» тақырыбы бойынша сұхбат берді.

Спикер «Сұрақ - жауап» форматындағы тікелей эфир барысында радио тыңдаушыларынан келіп түскен барлық сұрақтарға жауап берді.