
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті (бұдан әрі – Департамент) Салық төлеушілердің тізбесін кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 176 «Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгендігін хабарлайды.
Бұйрықтың 2-тармағына сәйкес мәмілелер мониторингі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс органдарының халықаралық іскерлік операциялар бойынша мәмілелерге қатысушылар қолданатын бағаларды байқауы арқылы жүзеге асырылады.
Мониторинг Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 194 «Халықаралық іскерлік операциялары мәмілелер мониторингіне жататын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүргізіледі, мұнда республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті жылды бірінші қаңтарында қолданыста болған есепті қаржы жылындағы кірістердің (шағыстардың) және (немесе) міндеттемелердің жалпы сомасы кемінде 250000 айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Анықтама: бұрын 000.10 және 000.20 есеп беру нысандарын тек мониторингіне жататын ірі салық төлеушілер ұсынған.
Осыған байланысты, біз салық төлеушілерге, әсіресе бұрынырақ аталған есептілікті бермегендерге 2023 жылғы қызметтеріне мониторинг бойынша жаңа талаптардың қолданылуын тексеруді ұсынамыз.
000.10 және 000.20 мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандары есепті жылдан кейінгі жылдың 15 мамырынан кешіктірілмей электрондық түрде ұсынылады.
ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 273-бабына сәйкес шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне мәмілелер мониторингі бойынша есептілік мерзімін бұза отырып ұсынғаны немесе ұсынбағаны үшін айыппұл санкциялары көзделгенін атап өтеміз.
Бұдан басқа, Комитет төрағасының 2022 жылғы 7 шілдедегі № 489-ҚБП бұйрығына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз, онда анықталған бұзушылықтар Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес хабарламалармен және хабархаттармен рәсімделетін болады.