БАРЛЫҚ МҮДДЕЛІ ТҰЛҒАЛАРҒА
ШҚО, Өскемен қ., Бурова 10/1 мекен жайы бойынша орналасқан ШҚО бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің «Өскемен –кедендік рәсімдеу Орталығы» кедендік бекетінде, кедендік рәсімдеу залында СЭҚ қатысушыларын тауарлардың кедендік құны туралы анықтамалық баға ақпаратымен онлайн режимінде таныстыру үшін арналған табло орнатылғанын хабарлаймыз. Сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларына онлайн режимінде тауарлардың кедендік құны туралы анықтамалық баға ақпаратын алу мүмкіндігі берілген.
Сонымен бірге, kgd.gov.kz сайтында, «Қызметі»- «Кедендік әкімшілік ету»- «Кедендік бақылау» - «Баға туралы ақпарат» бөлімінде де тауарлардың кедендік құны туралы анықтамалық баға ақпаратын алу мүмкіндігі ұсынылған.