Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті келесіні хабарлайды, «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының заңының 19-бабының 3-тармағына және 26-бабының 1-тармағына сәйкес 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұнай өнімдері базалары және автожанармай құю станциялары (жылжымалы автожанармай құю станцияларын қоспағанда) өндірістік объектілерінде мұнай өнімдерін айдау мен тасымалдау және (немесе) тиеп-жөнелтуді жүргізу міндетті түрде мұнай өнімдерін өткізу есепке алатын бақылау аспаптары арқылы жүзеге асырылады.
Мазутты мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік объектілерінен тиеп-жөнелту және (немесе) өткізу жағдайларын қоспағанда, оны өткізу, тиеп-жөнелту және (немесе) тасымалдау мен айдау есепке алатын бақылау аспаптары қолданылмай жүзеге асырылады.
Мұнай өнімдері мен акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру және (немесе) олардың айналым шарттарын бұзу ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 281-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік тартуға алып келеді.
ҚР ӘҚБКО 281-бабы 5-тармағы 8-тармақшасына сәйкес, мұнай өнімдерін өндірушілердің, мұнай берушілердің, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілердің немесе мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілердің мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін бақылайтын есепке алу аспаптарынсыз (БЕА) не БЕА-дан айналып өтіп өткізуі және (немесе) жөнелтуі, әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын мұнай өнімдері және (немесе) құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістер тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - бір жүз елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер - әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын мұнай өнімдері және (немесе) құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістер тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - екі жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Осыған байланысты, мұнай өнімдерін сатумен айналысатын субъектілер 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін мұнай өнімдері базасы мен автокөліктерге жанармай құю станциясының өндірістік нысандарында есепке алатын бақылау аспаптарын орналастыру және қосу қажет.