Date of publication: 20.02.2017 09:23
Date of changing: 21.10.2019 15:36

ҚР ҚМ МКК ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ

ПРЕСС-РЕЛИЗ

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен 2017 жылдың 02 ақпан айында салық төлеушілер, қоғам бірлестіктерінің, сонымен қатар БАҚ өкілдерінің қатысуымен «01.01.2017 жылдан бастап күшіне енген, салық заңнамасындағы өзгерістер» тақырыбында Семей қаласы бойынша Абай атындағы театр ғимаратында семинар-кеңес өтті.

Кіріспе сөзбен Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Семей қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Қ.Ш. Мухаметкалиев сөз сөйледі, ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсаты-Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіруі туралы атап өтті. Және де осы стратегиялық мақсатқа жету мақсатында ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің алдында  бизнес-қоғамдастықпен өзара байланысының жаңа жүйесін құру және ертеңге күнге сенімділік беру міндеті тұрғандығын айтып өтті.            

Әрі қарай, Қ.Ш. Мухаметкалиев Қазақстанда 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық заңнамасында кейбір өзгерістер болғандығын, жекелеп алғанда төлем көзіне салынатын салық табыстарынан жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналары мен жер салығының әлеуметтік аударымдары, мүлік салығы, корпоративті табыс салығы, халықаралық салық салу, қосылған құн салығы, ҚҚС қайтару, акциздер, жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу, әлеуметтік салық, көлік салығы, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың мүліктеріне салық және т.б. бойынша мәселеге ерекше назар аударды.          Сонымен қатар, бірқатар нормалардың енгізілуі бірқатар кейінгі уақытқа ауыстырылғандығын, бизнес-қоғамдастық Заңының жобасы талқыланғаннан кейін, атап айтқанда: жалпыға бірдей декларациялауды енгізу, ҚҚС тіркеу үшін төменгі шектік мәнді  өзгерту керектігін айтты.                               

Салық заңнамасындағы жеке табыс салығы, халықаралық салық салу, арнайы салық режимі, салықтық әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер туралы ШҚО бойынша МКД Түсіндіру жұмыс басқармасының салық заңнамасын түсіндіру бөлімінің басшысы Г.К.Сабралимова сөз сөйледі.                          

ШҚО бойынша МКД Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының акциздерді әкімшілендіру бөлімінің басшысы А.Б.Рыспаев сөз сөйлеу барысында акциздер саласындағы заңнамада болған  өзгерістерге ерекше назар аударды.

         ҚҚС әкімшілендіру мәселесі бойынша ШҚО бойынша МКД Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының №1 ҚҚС әкімшілендіру бөлімінің бас маманы Т.С.  Гутова баяндама оқыды.

Әрі қарай бағдарлама бойынша ШҚО бойынша МКД Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас маманы Р.Ш. Сейльхановаға сөз берілді, ол салық төлеушілерді тіркеу бойынша болған өзгерістер туралы, сонымен қатар өндірістік емес төлемдер бойынша болған өзгерістерге айрықша назар аударды.     

Соңғы баяндамашы ШҚО бойынша МКД Бюджет саласындағы құқық бұзушылықтарды тергеу бөлімінің аса маңызды істер бойынша аға тергеуші-маманы Е.Е.Иқсанова  семинар қатысушыларына көлеңкелі экономикадағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы айтып өтті.                              Мәжіліс барысында семинар-кеңестің қатысушыларына Салық кодексінің нормалары бойынша оларды қызықтырған сұрақтарға қосымша түсініктеме берілді.

Бүктемлер таратылды. Семинар-кеңестің соңында  Қ.Ш.Мухаметкалиев залдағы барлық қатысушыларға семинарға белсенді қатысқандықтары және Мемлекеттік кірістер департаментімен ынтымақтастықтары үшін ризашылығын білдірді. Сонымен бірге, салық төлеушімен берілген бірде-бір сұрақ жауапсыз қалмайтындығына сенім білдірді. Мәселелердің қаралу нәтижесі бойынша барлық жауаптар ШҚО бойынша МКД сайтына орналастырылады.