Date of publication: 05.04.2024 08:56
Date of changing: 05.04.2024 08:58

Құрметті салық төлеушілер!
 

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу Салық кодексінің 176-бабында көзделген.
ТІЖ ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлардың тізбесі, сондай-ақ ТІЖ ресімдеу қағидалары және олардың құжат айналымы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығымен бекітілген.

ТІЖ электрондық нысанда ресімделеді және өнім беруші, алушы Қазақстан Республикасының аумағына әкелген кезде ұсынады.

Қазақстан Республикасының аумағында өткізу кезінде ТІЖ-н ресімдеу тауарларды қадағалау тетігі туралы келісімге сәйкес қадағалануға жататын мұнай өнімдері, алкоголь өнімдері және тауарлар бойынша жүргізіледі (СЭҚ ТН – тоңазытқыштар, мұздатқыштар 11 коды).
ЕАЭО шеңберінде тауарларды әкелу/әкету кезінде ТІЖ барлық тауарлар бойынша ресімделеді.
ТІЖ – н алушы кез келген көлік түрі арқылы – 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде, көлікті пайдаланбай -10 (он) күнтізбелік күн ішінде тауарды жеткізу (тасымалдау) кезінде растайды не қабылдамайды.

Сондай ақ, ЭШФ АЖ да дұрыс жұмыс істеу үшін МКК сілтемесі бойынша ЭШФ АЖ Пайдаланушы нұсқаулығын пайдалануды ұсынамыз https://kgd.gov.kz/ru/content/rukovodstvo-polzovatelya-1 және сілтеме бойынша бейне сабақтар https://kgd.gov.kz/ru/content/videouroki-1.
Техникалық сұрақтар туындаған жағдайда ЭШФ АЖ қолдау қызметіне жүгіне аласыз esfsd@kgd.minfin.gov.kz, сондай-ақ 8-7172-72-51-61 телефон нөмірі бойынша.