Date of publication: 05.04.2024 08:20
Date of changing: 05.04.2024 08:21

2024 жылғы 04 сәуірде ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті"Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы " КЕ АҚ алаңында "жалпыға бірдей декларациялау бойынша" тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Семинар аясында Департаменттің Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының бас маманы Роза Cейльханова қатысушыларға заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыбы) үшін жалпыға бірдей декларациялаудың 3 кезеңінің басталуы туралы, өзгерістерді ескере отырып, 250, 270   СЕН салық есептілігін табыс етудің тәртібі мен тәсілдері, мерзімдері туралы айтып берді, осы тақырыптар бойынша жиі келіп түсетін сұрақтарға жауап берді.

Сонымен қатар, іс-шара барысында декларацияны тапсыруға көмек көрсетілді.

Сөз соңында семинарға қатысушылар спикерге түсініктеме бергені үшін алғыс білдірді.