Date of publication: 25.01.2024 08:30
Date of changing: 25.01.2024 08:31

Заңсыз кәсіпкерлік- тіркеуден өтпей не рұқсат алу міндетті болған жағдайда арнаулы рұқсатсыз немесе лицензиялау шарттарын бұзып кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпкерлікті айтады. Кәсіпкерліктің заңсыз түрі көлеңкелі экономиканың басты құрамы болып есептеледі. Кәсіпкерлік қызметтің маңызды белгісі пайда, тиімді нәтижелерге қол жеткізіп жүрген болса, кәсіпкер кәсіпкерлік қызметтен тапқан пайдасынан салықтар және басқа да бюджетке төлейтін міндетті төлемдерді төлеуге міндетті. Кәсіпкерлік қызметтің тағы бір қажетті элементі- жауапкершілік.  Жауапкерліксіз қараған заңсыз кәсіпкерлер республикамыздың экономикасына ғана кері әсерін тигізіп қана қоймай сондай-ақ,  сау бәсекелестікке де зияның тигізеді.

Дара кәсіпкер ретінде міндетті мемлекеттік тіркеуге мынадай шарттардың біріне сай келетін, 29 қазандағы 2015 жылғы № 375-V ҚРЗ Кәсіпкерлік кодексінің 35 бабының 2 тармағына сәйкес келесі жеке тұлғалар жатады: жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін тұрақты негізде пайдаланады; жеке кәсіпкерліктен республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен жалақының 12 еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептелген жылдық кірісі болады.

 Егерде, жұмыскерлердің еңбегін тұрақты негізде пайдаланбайтын жеке тұлға «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»  Қазақстан Республикасының Салық кодексі белгіленген мынадай кірістерді алған кезде дара кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқылы: төлем көзінен салық салуға жататын кірістер; мүліктік кіріс; Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден түсетін кірістер; Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес салық агенттері болып табылмайтын тұлғалардан кірістер алатын үй жұмыскерлерінің кірістері; салық агенттері болып табылмайтын, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерімен, шет мемлекеттің консулдық мекемелерімен жасалған еңбек шарттары және азаматтық- құқықтық сипаттағы шарттар бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының кірістері; Қазақстан Республикасы ратификацияланған халықаралық шарттарға сәйкес төлем көзінен жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттемеден босатылған халықаралық және мемлекттік ұйымдармен, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен және қорлармен жасалған еңбек шарттары және азаматтық- құқықтық сипаттағы шарттар бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының кірістері; еңбекші көшіп келушіге рұқсат негізінде Қазақстан Республикасының еңбек шарттары бойынша алынған резидент- еңбекші көшіп келушілердің кірістері; «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіпқой медиаторларды қоспағанда, медиаторлардың салық агенттері болып табылмайтын тұлғалардан алған кірістері; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін, салық салуға жататын, жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғаның салық агентіне анық емес мәліметтер ұсынуна байланысты төлем көзінен жеке табыс салығын ұстап қалу жүргізілмеген кірістер.

Заңды талаптар орындалмаған жағдайы орын алса, әкімшілік жаза тағайындалуына әкеп соғады. Шығыс Қазақстан облысында 2023 жылы заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан 287 заң бұзушы анықталды, оларға қатысты тиісті әкімшілік жаза тағайындалды. Тематикалық тексеру нәтижесінде Өскемен қаласындағы нарықтардың бірінде 6 салықтөлеуші мемлекеттік тіркеусіз заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны анықталды, соның ішінде Жетісу облысындағы  Көксу ауданының тұрғыны мемлекттік тіреусіз  нарықта саудамен айналысқан және заңбұзушылық қайталанғындықтан Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 463 бабының 2 тармағына сәйкес Өскемен қаласының Арнаулы әкімшілік сот қаулысымен 103,5 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, 200 мың теңге тәркіленді. Дәл сондай заң бұзушылық Жамбыл облысы Қордай ауданының тұрғыны мемлекттік тіркеусіз саудамен айналысқаны үшін Өскемен қаласының Арнаулы әкімшілік сот қаулысымен 51,7 мың теңгеге айыппұл салынды.

Заңсыз кәсіпкерлік қызметті анықтау мемлекеттік кірістер органдарының тұрақты бақылауында.