
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 12.12.2023ж. Мемлекет басшысының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық Кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қоюына байланысты салық заңнамасындағы негізгі өзгерістер бойынша хабарлайды:
Салық төлеушінің құқықтары мен міндеттері бойынша
Салық кодексінің 13-бабы 3-тармағының 5) тармақшасы екінші бөлікпен толықтырылды (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), ол деректерді беру функциясынсыз бақылау-касса машиналарын қолданатын салық төлеушілер үшін ғана ауысымдық есептер басып шығарылған немесе толық толтырылған күннен бастап бес жыл бойы қолма-қол ақша мен тауар есебінің кітабы және тауар чектері, сондай-ақ жою, қайтару чектерін және ол бойынша жою және қайтару операциялары жүргізілген бақылау чектерін сақтау жөніндегі міндетті көздейді.
Бұл норма деректерді беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан алынған ақпарат фискалдық деректер операторларының серверінде сақталуына және мемлекеттік кірістер органдарына берілуіне байланысты көзделген.
Ойын бизнесі субъектілерінің мәліметтерді беруі бойынша
Салық кодексінің 26-бабы 28-тармақпен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткеннен кейін қолданысқа енеді), букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың ақпараттық жүйелерді интеграциялау жолымен мемлекеттік кірістер органдарына құмар ойынға және бәс тігуге қатысушылар және олардың ұтыстары туралы мәліметтерді ұсынуды көздейтін міндеттемесі енгізілді.