
12.12.2023 ж. Мемлекет Басшысының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы "Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңына қол қоюына байланысты Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өзгерістер туралы хабарлайды: Салық міндеттемелерінің орындалуы туралы хабарламалар бойынша
Салық кодексінің 114-бабында 6) тармақша алып тасталды, Салық кодексінің 115-бабының 4-тармағына (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде – декларация ұсынылған жылғы 15 қазаннан кешіктірмей жеке тұлғалардың декларацияларды ұсынбағаны туралы хабарламаны алып тастау бөлігінде өзгерістер енгізілді.
Бұл өзгерістер Салық кодексінің 114-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген салық есептілігін жеке тұлғалардың табыс етпегені туралы хабарламаның болуына байланысты енгізілді.