
2024 жылғы 11 қаңтарда жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бірінші және екінші кезеңдерге қатысушылар үшін ZOOM конференциясын өткізді.
Конференцияға 100-ден астам салық төлеуші қатысты.
Өндірістік емес төлемдер басқармасының бас маманы Гүлгүл Құсайынова жалпыға бірдей декларациялау кезеңдері туралы айтып, салық есептілігі нысандарын тапсыру мерзімдерін, табыс ету тәсілдерін белгілеп, Салық кодексіне енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 270.00 нысандағы кірістер мен мүлік туралы декларацияны толтыру тәртібін тыңдаушылардың назарына жеткізді.
Өндірістік емес төлемдер басқармасының бас маманы Роза Сейлханова ескертпеде мүліктік табыс түріндегі кірістер, ҚР шегінен тыс көздерден алынатын кірістер, жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын кірістер табыс және мүлік туралы декларацияда және олар бойынша ЖТС есептеу кезінде 240.00 нысанындағы декларацияны ұсыну талап етілмейтінін (Салық кодексінің 363-бабы 1-тармағы 9) тармақшасының екінші абзацы) қосымша айта кетті.
Бұдан басқа, жеке тұлғалар кірістер мен мүлік туралы декларацияда есепті салық кезеңі ішінде мүлікті сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері, шетелдегі жылжымайтын мүлік пен көлік, дебиторлық/кредиторлық берешектің болуы және т. б. туралы мәліметтерді көрсетеді.
Конференция барысында барлық сұрақтарға жауаптар берілді.