
2024 жылғы 10 қаңтарда Жалпыға бірдей декларациялаудың 3-кезеңі шеңберінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 3-кезеңге қатысушылар үшін ZOOM конференциясын өткізді.
Өндірістік емес төлемдер басқармасының бас маманы Гүлгүл Құсайынова жалпыға бірдей декларациялау кезеңдері туралы айтып, салық есептілігі нысандарын тапсыру мерзімдерін, ұсыну тәсілдерін белгілеп, 250.00-нысандағы "жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы" декларацияны толтыру тәртібін жеткізді.
Түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова 250.00 нысанын толтыру, салық есептілігін ұсыну міндеттемелері бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жеке тоқталып, жеке тұлғаның берешегін, қолма-қол ақша, салықтық бақылау мен әкімшілік жауапкершілікті декларациялау туралы хабарлады.
Конференция барысында барлық сұрақтарға жауаптар берілді.