Date of publication: 10.01.2024 08:44
Date of changing: 10.01.2024 08:46

Құрметті Сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары!  

Қазақстан Республикасы 26.12.2017 жылғы ҚРЗ № 123 - VI «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 563-бабының 1-тармағына сәйкес осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану (отын-энергетика секторы) саласында туындаған және ол қолданысқа енгізілгеннен кейін туындайтын құқықтық қатынастарға тиісті келісімшарттар қолданылатын Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы қолданылатынын естеріңізге салады.

Осыған байланысты, 23.11.2022ж. тауарларды сенімді кедендік декларациялау мақсатында «Астана-1» АЖ-да қолданыстағы Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік алымдар мен кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолдана отырып, 2010 жылға дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде әкелінетін тауарларды кедендік декларациялау мәселелері бойынша көрсетілген келісімшарттарға қол қойылған күнге СЭҚ қатысушылары үшін ақпараттық хабарлама орналастырылды.

Сонымен қатар, «Астана-1» АЖ тауарларды кедендік декларациялау кезінде 44-бағанда 03998 кодымен «жер қойнауын пайдалануға арналған құжат (келісімшарт) (Қазақстан Республикасы үшін)» және 03999 кодымен «тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын өзге де құжаттар» көрсетіледі.