Date of publication: 09.01.2024 18:26
Date of changing: 09.01.2024 18:33

2024 жылғы 09 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілердің, консалтингтік компаниялардың, блогерлердің қатысуымен "Жалпыға бірдей декларациялаудың 3-кезеңі", "Мобильді аударымдар" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел отырысын Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Қазыбек Қойшинов ашты.

Ол 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың жұбайлары (жұбайлары) үшін жалпыға бірдей декларациялаудың 3 кезеңінің басталуы туралы айтып берді. Декларацияны "Салық төлеушінің кабинеті", "Электрондық үкімет" веб-порталдары, "e-Salyqazamat", "Halyk", "Bank Centercredit" мобильдік қосымшалары, декларацияны ұсыну мерзімі – 2024 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей ұсынуға болатынын айтты.

Бұдан әрі өндірістік емес төлемдер басқармасының бас маманы Гүлгүл Құсайынова 250.00 нысанды толтыру тәртібі туралы толығырақ баяндап берді. 250.00 нысанындағы активтер мен міндеттемелер туралы декларация кірген кезде бір рет тапсырылатынын, бұдан әрі 2025 жылдан бастап салық төлеушілер жыл сайын 270.00 нысанындағы кірістер мен мүлік туралы декларацияны табыс етуі тиіс екенін қосты.

ШҚО бойынша МКД басшысының орынбасары Сайранқан Қабыш жеке тұлғалардың декларацияны ұсынбағаны немесе толық емес, анық емес мәліметтерді ұсынғаны үшін әкімшілік жауаптылығы  көзделгендігін атап өтті.

Түсіндіру жұмыстары және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова мобильді аударымдарға жеке тоқталды. Өз сөзінде мобильді аударымдар туралы не білу керектігін және мобильді аударымдарды тексеру не үшін қажет екенін айтты. Тексеру критерийлеріне үш ай қатарынан ай сайын 100 және одан да көп түрлі тұлғалардан мобильді аударымдар алған тұлғалар ғана жатады. Яғни, қызмет кәсіпкерлерінің белгілері болған жағдайда.

Сөз соңында салық төлеушілер осы сұрақтарға түсініктеме бергені үшін алғыс білдірді. Барлық сұрақтарға жауаптар берілді.

Салық төлеушілерге жалпыға бірдей декларациялау және цифрлық инновациялар туралы "e-Salyq Azamat", "e-salyq Business", "SalyqBot" буклеттері табыс етілді.