
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру - басты назарда
2017 жылғы 2 ақпанда Қазақстан Республикасының 2015-25 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлық стартегиясын түсіндіру, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы», ҚР мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін түсіндіру мақсатында ШҚО бойынша МКД экономикалық тергеу қызметінде семинар - кеңес өтті.
Семинар Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің ШҚО бойынша департаментінің өкілдерінің қатысуымен өтті. Олар өз баяндамаларында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» ҚР Заңының, "ҚР мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің» ережелерін түсіндіріп, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттарымен таныстырды.
Қызметкерлерге аталған стратегияның негізгі мақсаттары- стратегияда қолданылатын мақсатты индикаторлары: мемлекеттік қызметтердің сапасы, мемлекеттік билік институтына қоғамның сенімін, халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейін, халықаралық қауымдастықта мемлекеттің беделін және халықаралық рейтингті арттыру, сот және құқыққорғау органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлық деңгейін арттыру индикаторлары түсіндірілді.
Стратегияда сыбайлас жемқорлық деңгейін түбегейлі өзгерту, мемлекет пен қоғамның түрлі салаларында оны тудыратын себептер мен салдарын жою шараларына баса назар аударылған.
Семинар барысында мемлекеттік қызмет саласында жаңа нормативтік құқықтық актілерді қабылдаумен байланысты өзгертулер талқыланды.
Семинарды қорытындылай келе ЭТҚ қызметкерлеріне азаматтардың құқыққорғау органдарына сенімін арттыру мақсатында заңнамалардың нормаларын бұзуға жол бермеуге және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің негізгі стандарттарын сақтауға нұсқау берілді.
ШҚО бойынша МКД ЭТҚ