
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда кезең-кезеңімен жалпыға бірдей декларациялау енгізілді.
Жалпыға бірдей декларациялаудың негізгі міндеті:
• әділ салық салуды қамтамасыз ету және әлеуметтік саясатты жетілдіру;
• жеке тұлғалардың кірістерін бақылаудың тиімді тетігін құру;
• сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономика деңгейін төмендету.
Мәселен, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап «кіру» декларациясын мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары – 580 мың адам табыс етті.
Екінші кезеңде, 2023 жылы мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұбайлары – 2,1 млн адам табыс етті.
Үшінші кезеңде, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап декларацияны заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсырады. 3,9 млн. жеке тұлға табыс етеді деп жоспарлануда.
Төртінші кезеңде, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – азаматтардың қалған санаттары (мысалы, жеке құрылымдардың қызметкерлері, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер және басқалар) ұсынады. 6,4 млн. астам жеке тұлғаны қамту жоспарлануда.
Жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне барлығы 13 млн. жуық адам кіруі тиіс.