Date of publication: 22.12.2023 17:24
Date of changing: 22.12.2023 17:29

 

2023 жылы 20 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Шығыс Қазақстан облысының кәсіподақтар үйінде салалық және жергілікті кәсіптік бірлестіктер төрағаларының қатысуымен жалпыға бірдей декларациялау мәселесі бойынша оқыту семинарын өткізді.

Түсіндіру жұмысы басқармасының бас маманы Жанар Айтжанова жалпыға бірдей декларациялауға кезең-кезеңімен көшу жөніндегі алдағы іс-шаралармен таныстырды, мерзімдерін белгіледі және 250.00 нысандағы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны толтыру және тапсыру қалай жүзеге асырылатындығын айтып өтті.

Кездесу барысында қатысушыларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауаптар берілді.

 

                                                          Түсіндіру жұмысы және байланыс орталығының  басқармасы