Date of publication: 01.02.2017 14:49
Date of changing: 21.10.2019 15:36

2017 жылғы ақпан айына кедендік декларациялау жөніндегі біліктілік емтихандарын (тестілеу) өткізу кестесі

 

1.  Өткізу орны: Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Өскемен қаласы, Новаторлар көшесі, 7/2.

2.  Өткізу күндері: 2017 жылғы 28 ақпан

3.  Тестілеу уақытының басталуы: сағат 9:30-дан.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №238 бұйрығына сәйкес емтиханға кіру үшін рұқсаттар бойынша шарттар:

Үміткер, аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына емтиханды өткізгенге дейін 3 жұмыс күн бұрын қосымшаға сәйкес бойынша өтініш ұсынады. Өтінішке:

1) жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;

2) жоғары немесе техникалық және кәсіби білімін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін;

3) көлемі 3,5 x 4,5 сантиметр екі түрлі-түсті суретін қоса береді.

Емтихан тапсыруға келген кезде үміткер өзімен бірге жеке басын растайтын құжатты (жеке куәлік немесе төлқұжат) әкелуі қажет.

Егер, осы ереженің 6-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбаған жағдайда, үміткердің өтініші қараусыз қалдырылады және өтініш келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге қайтарып беріледі.   

Емтиханға жіберілген үміткер, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын және Кеден одағының заңнамасын білуде  тестілеуден өтеді.

Тестілеуден өтпеген жағдайда, тұлға алғашқы тестілеу өткен сәттен бастап кемінде бір ай мерзім өткеннен кейін ғана қайтадан аттестациялауға рұқсат алу туралы өтініш береді.

5. Қаржы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 наурыздағы №238 бұйрығына сәйкес біліктілік емтиханын өткізу тәртібі мен талаптары.;

 

1) Үміткер біліктілігін және білімінің деңгейін анықтау мақсатында сұрақтарды іріктеу бойынша тестілеуден өтеді;

2) үміткер тест үшін белгіленген бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы таңдалатын, кездейсоқ санды іріктеу әдісімен анықталатын 60 сұрақтан тұратын тестілеуден өтеді. Әрбір дұрыс жауапқа бір балл есептелінеді. Тестілеуді өткізу уақыты 45 минутты құрайды;

3) сұрақ бір ғана дұрыс жауабы бар үш нұсқадан тұрады;

4) тестілеудің дұрыс жауаптарының нәтижесі пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегімен автоматты түрде жүргізіледі.

 Егер, дұрыс жауаптар ұсынылған сұрақтардың жалпы санының  60 және одан жоғары пайызын құраса, үміткер тестілеуден өткен болып саналады.

Тестілеудің  нәтижелері принтерде екі данада шығарылады және қол қою арқылы үміткерге таныстыру үшін ұсынылады.

Тестілеудің нәтижесі бар парақтың бір данасы үміткерге беріледі, екінші данасы біліктілік емтиханын өткізген кеден органында қалады.

 

Қосымша

                                                       ____________________________
                                                     уәкілетті органның толық атауы
                                                          ____________________________
                                         іс жүзіндегі мекенжайы
                                                          ____________________________
                                                          тегі, аты, әкесінің аты (ол болған
                                                          ____________________________
                                                                    кезде) бұдан әрі – Т.А.Ә.
                                                           ____________________________
                                                                       мекен-жайы (мекенжайлық мәліметтер)
                                                            ____________________________
                                                                      электрондық мекен-жайы, веб-сайты
                                                              _____________________________
                                                             өтініш берушінің деректемелері:
                                              (ЖСН)

Өтініш

      Сізден кедендік декларациялау жөніндегі маманның аттестатын алу үшін мені өтетін біліктіліr емтиханына (өтетін күні) (МО атауы)  қатысуға рұқсат беруіңізді сұраймын.
      Талап етілетін құжаттардың тізімі:
      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) кәсіби, техникалық немесе жоғары білімін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      3) 3,5х4,5 сантиметр көлеміндегі екі түрлі-түсті фотосурет;
      Өтініш беруші______________________________________________
      ________________                        берген күні:____________________
      (өтініш берушінің Т.А.Ә.)