Date of publication: 21.12.2023 18:28
Date of changing: 22.12.2023 08:39

2023 жылғы 21 желтоқсанда Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ШҚО бойынша «Атамекен» ҰКП алаңында салық төлеушілермен, консалтингтік компаниялармен, блогерлермен, БАҚ-тың қатысуымен салық, кеден заңнамасының өзекті тақырыптары бойынша «семинар-кеңес» форматында офлайн және ZOOM конференциясы арқылы онлайн режимде семинар өткізді.

Семинарға 50-ден астам салық төлеуші қатысты.

Семинарды Түсіндіру жұмыстары және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова ашты.

Әрі қарай Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының бас маманы Жанар Айтжанова іс-шараға қатысушыларды басшылардың, заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың жұбайлары үшін жалпыға бірдей декларациялаудың 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың 3- кезеңінің басталуына қатысты ақпаратпен хабардар етті. Сонымен қатар, декларацияны «Салық төлеушінің кабинеті», «Электрондық үкімет» веб-порталдары, «e-SalyqАzamat», «Halyk», «Bank Centercredit» мобильді қосымшалары арқылы тапсыруға болатының, декларацияны  - 2024 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей тапсыру қажеттыгын, салық есептілігін толтыру ережелеріне жеке тоқталды.

Түсіндіру жұмыстары және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова бөлшек сауда салығы, бірыңғай төлем, бірыңғай жиынтық төлем, электронды сауда алаңдарында электронды сауданы жүзеге асыратын кәсіпкерлерге арналған пилоттық жоба бойынша, цифрлық инновациялар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, тас көмір мен астықты сату кезінде ЭШФ үзіндісі туралы түсініктеме берді.

Сөз соңында салық төлеушілер Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдеріне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, түсіндірме үшін алғыстарын білдірді. Барлық сұрақтарға жауаптар берілді.

Салық төлеушілерге жалпыға бірдей декларация және «e-Salyq Azamat», «e-Salyq Business», «SalyqBot» цифрлық инновациялары туралы буклеттер ұсынылды. Сондай-ақ, салық төлеушілермен кері байланыс жасау әдістерінің тиімділігі мен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын анықтау мақсатында сауалнама арқылы кәсіпкерлерге әлеуметтік сауалнамалар жүргізілді.