Date of publication: 21.12.2023 18:01
Date of changing: 21.12.2023 18:02

2023 жылғы 21 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Мемлекеттік кірістер органдарының пайдалы және қызықты контентін құру мақсатында «2024 жылғы визуалдау мен мобилографияның трендтері» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Семинар - тренингті Ақпараттық технологиялар басқармасының бас маманы Махамбет Дюсембеков өткізді. Іс-шара аясында спикер визуалдау мен мобилографияның басты трендтерімен, әлеуметтік медиада ақпаратты ілгерілетуді автоматтандыруға мүмкіндік беретін құралдармен таныстырды, сондай-ақ, мемлекеттік кірістер органдарының қызметіне сенімділікті арттыру мақсатында салық төлеушілер үшін сапалы және қолжетімді визуалды контент өндірудің маңыздылығы туралы атап өтті.

Сонымен қатар, Махамбет Ержанұлы әлеуметтік желілер арқылы халықтың салық саласы бойынша сауаттылығы мен қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыруға, жергілікті және республикалық салық түсімдерінің толықтығын қамтамасыз етуге бағытталған салықтық және кедендік әкімшілендіру шеңберіндегі өзекті ақпаратты сапалы және жедел ұсыну үшін Мемлекеттік кірістер органдарының бедел - бейнесін қалыптастыруда мобилографияның маңызы мен пайдасын түсіндірді.

Іс-тәжірибелік жұмыстар жүргізу барысында қатысушылар шолу бейнероликтерін жасауды, соның ішінде дұрыс түсірілім жасауды, ракурстарды таңдауды және бейнероликті өңдеу құралдарын пайдалануға үйренді.