Date of publication: 27.04.2015 14:58
Date of changing: 21.10.2019 15:34

Ағымдағы жылдың басында ШҚО Үржар ауданы бойынша МКБ  жүргізіліп жатқан жария етуді түсіндіру мақсатында «Шет елдегі мүлкіңді заңдастыр» атты тақырыппен 27 ауылдық округ бойынша семинар өткізілді. Осы семинарға есепшілер, жеке кәсіпкерлер, заңды және жеке тұлғалар қатысты.   

Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы мүлiктi жария ету мерзiмi 1 қыркүйек 2014 жылдан басталған заңының негізгі мақсаты- көлеңкелі экономиканы қысқарту, ел экономиксына қосымша инвестициялық қаржы құю болып табылады.

Мүліктерін заңдастыруға заңға сәйкес, ҚР азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдардың қатыса алады. Мүлікті заңдастыру акциясы екі органда, яғни жергілікті атқарушы орган және салық басқармасында жүргізіледі.

Жергілікті  атқарушы органның құзырына  келесі жылжымайтын мүліктер заңдастыруға жатады. ҚР заңына сәйкес басқа адамның атына тіркелген жылжымайтын мүліктер,  ғимараттар мен құрылыстар ҚР аумағында орналасқан және де құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкес келетін,  заңдастыруға жататын мүлік субъектінің құзырындағы жер телімінің мақсатты пайдалану құқығының сәйкестігі.

Салық органының құзырына заңдастыруға жататын объектілерге, қаржыдан басқа ҚР аумағынан тыс жерде орналасқан жылжымайтын мүлік, құнды қағаздар, шет мемлекеттерде тіркелген эмитенттер,  шет мемлекеттерде тіркелген заңды тұлғалардың үлесі жатады. Аталған мүліктерді заңдастыру тұрғылықты мекен-жай бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында құжаттарын ұсыну арқылы заңдастырылады.           

Мүлікті заңдастыру заңы ҚР көптеген азаматтарына ҚР аумағындағы өздерінің тұрғын үйлерін, құрылыстарын, ғимараттарын және де құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкес келетін,  заңдастыруға жататын мүлік субъектінің құзырындағы жер телімінің мақсатты пайдалану құқығының сәйкестігіне байланысты оңайлатылған тәртіппен   мүліктерін заңдастыруға мүмкіндік берілді.

Сол себепті, егер Сіздер өздерініңіздің мүліктеріңізді заңдастырғыларыңыз келсе, жергілікті атқарушы органда құрылған комиссияға өтініш, құжаттарыңызды қосымшаларымен бірге  бере аласыздар.

Мүлікті заңдастырудың тағы бір жағымды тұсы, заңдастыру комиссиясының құрамына әртүрлі өкілетті органның қызметкерлері кіргізілген. Бұл мүлікті заңдастыру процедурасын жеңілдетеді. Әр түрлі мекемелерге бару керектігі туындамайды. Өткен жылдың қыркүйек айынан басталған шараға, өтініштеріңізді өткізіп, комиссия қорытындысын тосу жеткілікті.

Осы жағдайды ескере келе, Сіздерді мемлекет тарапынан беріліп отырған үлкен мүмкіндікті жіберіп алмай, жария етілмеген мүліктеріңіз бен ақшалай қаржыларыңызды заңға сәйкес заңдастыруға шақырамыз.

ШҚО Үржар ауданы бойынша МКБ