
2023 жылғы 14 желтоқсан айында Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаменті ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп, облыс ведомстволарының мемлекеттік қызметшілері арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай үстел теннисінен жарыс ұйымдастырды.
Іс-шара үстел теннисін дамыту және насихаттау, мемлекеттік қызметшілердің спорттық шеберлігін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізілді. Турнирге облыстың барлық қалалары мен аудандарының әр ұйымынан 3 қатысушыдан - 13-команда мемлекеттік қызметшілерден қатысты.
Турнир қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы бойынша МКД командасы: камералдық мониторинг басқармасының бас маманы Ғазиз Асылғазы, дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының бас маманы Жанар Нұрғалиева мен «Майқапшағай» кеден бекетінің бас маманы Бауыржан Оспанов жақсы нәтиже көрсетіп, екінші орынға ие болды!
Департамент басшылығы мен ұжымы Ғазиз Асылғазы, Жанар Нұрғалиева мен Бауыржан Оспановты турнирдегі жеңісімен құттықтайды және жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейді!