Date of publication: 15.12.2023 09:35
Date of changing: 15.12.2023 09:42

2023 жылғы 14 желтоқсанда Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ШҚО бойынша «Атамекен» ҰКП алаңында салық төлеушілермен, консалтингтік компаниялармен, блогерлермен, БАҚ-тың қатысуымен салық, кеден заңнамасының өзекті тақырыптары бойынша «семинар-кеңес» форматында офлайн және ZOOM конференциясы арқылы онлайн режимде семинар өткізді.

Семинарға 75 салық төлеуші қатысты.

Әрі қарай Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының бас маманы Жанар Айтжанова іс-шараға қатысушыларды басшылардың, заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың жұбайлары үшін жалпыға бірдей декларациялаудың 2023 жылы  1-шы  қантарда 3- кезеңінің басталуына қатысты ақпаратпен хабардар етті. Сонымен қатар, спикер салық есептілігін ұсыну тәртібі мен мерзімдеріне, толтыру ережелеріне және бұл норма уақытша тоқтатылған және әрекетсіз деп танылған кәсіпкерлерге қатысты екендігіне тоқталып өтті.

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есепке алуды және қайтаруды жүргізу тәртібі. Мемлекеттік бажды төлеу және қайтару ерекшеліктері туралы мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бухгалтерлік есеп және дербес шоттарды жүргізу бөлімінің басшысы Агарина Людмила  айтып өтті.

CarGoRugsat электронды кезек жүйесін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қосу туралы  одан ары ЕАЭО шеңберінде ҚҚС әкімшілендіру департаментінің экспорттық бақылау бөлімінің басшысы Жасұлан Мұсаханов сөз сөйледі.

Түсіндіру жұмыстары және Байланыс орталығы басқармасының бас маманы  Шынар Қулатаева мүгедектерге арналған жеңілдіктер, кассалық тексеру, цифрлық инновациялар «e-Salyq Azamat», «e-Salyq Business», «SalyqBot» туралы айтып берді.

Сөз соңында салық төлеушілер Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдеріне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, түсіндірме үшін алғыстарын білдірді. Барлық сұрақтарға жауаптар берілді.

Салық төлеушілерге жалпыға бірдей декларация және «e-Salyq Azamat», «e-Salyq Business», «SalyqBot» цифрлық инновациялары туралы буклеттер ұсынылды. Сондай-ақ, салық төлеушілермен кері байланыс жасау әдістерінің тиімділігі мен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын анықтау мақсатында сауалнама арқылы кәсіпкерлерге әлеуметтік сауалнамалар жүргізілді.