
Жалпыға бірдей декларациялаудың 3-кезеңі
Өскемен қаласы 14.12.2023 ж.
2023 жылғы 15 желтоқсанда сағат 11-де ҚР ҚМ МКК Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «ШҚО аймақтық коммуникациялар қызметі» алаңында салық төлеушілер мен БАҚ - тың қатысуымен «Жалпыға бірдей декларациялаудың 3-кезеңі» тақырыбында брифинг өткізеді.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың 3 кезеңі басталады, оның шеңберінде 250.00 нысанындағы Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, қатысушылары, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары ұсынуға міндетті.
Бұл міндеттеме уақытша тоқтатылған және әрекетсіз деп танылған салық төлеушілерге де қолданылады.
Сіз, өзіңізді әрекетсіз деп танылған салық төлеушілердің тізімінен тексеру үшін kgd.gov.kz интернет-ресурсындағы «Электрондық қызметтер» мәзірінде «Сенімсіз салық төлеушілерді іздеу» бөліміне өтуіңіз қажет.
Декларацияны «Салық төлеушінің кабинеті», «Электрондық үкімет» веб-порталдары, «e-SalyqАzamat», Halyk, Bank Centercredit мобильді қосымшалары арқылы тапсыруға болады Декларацияны 2024 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей тапсыру қажет.
Брифинг келесі мекенжай бойынша өткізіледі: Өскемен қ. Гоголь к., 36