Date of publication: 27.04.2015 12:07
Date of changing: 21.10.2019 15:34

«Ұлы жеңіс күні» мерекесіне орай басқарма ұжымы "Салық қызметі органдарының ардагерлері" республикалық қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Нұғманов Слямғазы Балағазыұлы мен соғыс ардагері 93 жастағы ақсақал  Акшалов Нурмухамбет пен тыл ардагері 76 жастағы Матрос Александра Николаевна  қатысумен кездесу өткізді. Кездесу соғыста қаза тапқандар батырларды еске алу үшін бір минут үнсіздік жариялаумен басталды.

Басқарма басшысы Умаров Қуаныш Рүстембекұлы соғыс ардагерлеріне алғыс білдіріп, оларға денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі. Соғыс ардагерлерімен кездесу, олардың соғыстағы ерліктері туралы әңгімелерін тыңдау мен олардың батасын алу үлкен құрмет екендігін атап өтті.

Соғыс ардагері Ақшалов Нурмухамбет фашисттер әскерінің Кеңес одағына басып кірген уақыттағы әскери жылдардың қиыншылықтар туралы әңгімелеп берді.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері Кеңес Одағының Жеңіске қалай жеткені туралы оқулықтар мен көркем фильмдерден де мықты әңгімелейтін шынайы тарих болып табылады. Соғыс жылдарындағы ауыртпашылықтарға, аяз бен аштыққа қарамастан олар біздің Отанымызды қорғады.  Соғыс ардагері Ақшалов Нурмухамбет ақсақал Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай елордамыз Астанада өтетін салтанатты шеруге қатысады.

Матрос Александра Николаевна соғыс уақытында бейбіт халықтың аштық пен қандай ауыртпашылықтарға тап болғаны туралы әңгімеледі. Бала кездерінен егін алқаптарында жұмыс істеп, үлкендерге көмек көрсеткені, Жеңіс үшін жан аямай еңбек еткендері туралы әңгімелеп берді. Соғыста жақындарынан айырылып, сұм соғыстың қасіретін көрген соғыс уақытының балалары- бізге-болашақ жастарға бейбіт әлемді аялауға тәрбиелейді.

«Салық қызметі органдарының ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Нұғманов Слямғазы Балағазыұлы өзінің арнайы шақырумен Өскемен қаласынан келгенін, барлық салық қызметі органдарының ардагерлері атынан, соғыс ардагерлеріне барлығымызға сыйлаған бейбіт әлем үшін үлкен алғысын білдірді. Жас мамандарға аға буынды сыйлауға, жақындарға құрметпен қарауға және оларды сыйлауға шақырды. Соғыс ардагерлеріне қол ұшын созу, оларға көмек көрсетуді ұмытпау қажет екендігі туралы айтты.

Кеш соңында ардагерлер басқарма ұжымына ұйымдастырылған кездесу үшін алғыстарын білдіріп, өздеріне көрсетілген сый-құрмет пен сыйлықтар үшін алғыс айтты. Басқарма қызметкерлері жақын арада тағы да ардагерлермен кездесуді жоспарлап отыр, өйткені Батырларымызды  құрметтеу оларға міндет болып табылады.