
2023 жылғы 07 желтоқсанда Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ШҚО бойынша «Атамекен» ҰКП алаңында салық төлеушілермен, консалтингтік компаниялармен, блогерлермен, БАҚ-тың қатысуымен салық, кеден заңнамасының өзекті тақырыптары бойынша «семинар-кеңес» форматында офлайн және ZOOM конференциясы арқылы онлайн режимде семинар өткізді.
Семинарға 70-ден астам салық төлеуші қатысты.
Семинарды Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшының орынбасары Казыбек Койшинов ашты.
Әрі қарай Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының бас маманы Жанар Айтжанова іс-шараға қатысушыларды басшылардың, заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың жұбайлары үшін жалпыға бірдей декларациялаудың 3- кезеңінің басталуына қатысты ақпаратпен хабардар етті. Сонымен қатар, спикер салық есептілігін ұсыну тәртібі мен мерзімдеріне, толтыру ережелеріне тоқталып өтті.
Банкроттық және заңды тұлғаларды оңалту, жеке тұлғалардың банкроттығы туралы дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы Сайран Уалибекова айтып өтті.
Түсіндіру жұмыстары және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова бөлшек сауда салығы, бірыңғай төлем, бірыңғай жиынтық төлем, электронды сауда алаңдарында электронды сауданы жүзеге асыратын кәсіпкерлерге арналған пилоттық жоба бойынша, цифрлық инновациялар, мүгедек балалардың заңды өкілдеріне салық жеңілдіктері туралы жиі қойылатын сұрақтарға түсініктеме берді.
Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін АСР қолдану шарттарымен камералдық мониторинг басқармасының № 3 камералдық мониторинг бөлімінің басшысы Жұлдыз Құрманғалиева таныстырды.
Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының ҚҚС әкімшілендіру бөлімінің бас маманы Арайлым Шәкәрімова әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, тас көмір мен астықты сату кезінде ЭШФ үзіндісі туралы айтып берді.
Сөз соңында салық төлеушілер Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдеріне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, түсіндірме үшін алғыстарын білдірді. Барлық сұрақтарға жауаптар берілді.
Салық төлеушілерге жалпыға бірдей декларация және «e-Salyq Azamat», «e-Salyq Business», «SalyqBot» цифрлық инновациялары туралы буклеттер ұсынылды. Сондай-ақ, салық төлеушілермен кері байланыс жасау әдістерінің тиімділігі мен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын анықтау мақсатында сауалнама арқылы кәсіпкерлерге әлеуметтік сауалнамалар жүргізілді.