
«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» ҚР Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Салық кодексінде көзделген жағдайларда салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге байланысты операцияларды жүргізу жағдайларын қоспағанда, ҚР-ның аумағында резиденттер арасындағы валюталық операцияларға тыйым салынады.
Ақшаны шетел валютасымен есептеу ҚР-ның Ұлттық Банкінде валюта түрлері бойынша ашылған ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің ағымдағы шоттарына жүргізіледі.
ҚР-ның Ұлттық Банкінде ашылған ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің ағымдағы шоттарына шетел валютасымен ақша аударуға арналған деректемелер ҚР ҚМ МКК сайтында (www.kgd.gov.kz) «Ақпараттық ресурстар»/«Анықтамалықтар»/Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің, ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің ағымдағы шоттарына шетел валютасымен ақша аударуға арналған деректемелер бөлімінде орналастырылған:
Банктің атауы: National Bank of the Republic of Kazakhstan
SWIFT код: NBRKKZKX
Шот Нөмірлері: KZ91125USD2015300142 KZ81125EUR2006300142 KZ21125RUB2010300142 KZ51125GBP2007300142 KZ47125CHF2003300142 KZ03125JPY2016300142 KZ32125CNY1001300142
Төлем тапсырмасын ресімдеу кезінде шетел валютасымен төлеген кезде төлемнің егжей - тегжейінде ақша жөнелтушінің атауы және (немесе) БСН алушы мемлекеттік кіріс органының атауы және (немесе) БСН (12 сан) және бюджеттік сыныптаманың коды (ББК, 6 Сан) көрсетілуі қажет.
Мемлекеттік кірістер органдарының атауы мен БСН МКК (www.kgd.gov.kz) сайтында «Ақпараттық ресурстар»/«Анықтамалықтар»/ «Анықтамалық (кодификатор)» Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары бойынша бюджетке төлемдерді есептеу үшін БСН мен деректемелері көрсетілген бөлімінде орналастырылған.
Комитеттің басқа да түсіндіру хаттарымен мына сілтеме бойынша танысыңыз:https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/activities/directions?lang=kk