Date of publication: 01.12.2023 17:12
Date of changing: 01.12.2023 17:13

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың 3 кезеңі басталатынын хабарлайды, оның шеңберінде 250.00 нысанындағы активтер мен міндеттемелер туралы Декларацияны заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, қатысушылары, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары ұсынуға міндетті.

Бұл міндеттеме уақытша тоқтатылған және әрекетсіз деп танылған кәсіпкерлерге де қолданылатынына назарларыңызды аударамыз.

Сіз, өзіңізді әрекетсіз деп танылған салық төлеушілердің тізімінен тексеру үшін Kgd.gov.kz интернет-ресурсындағы «Электрондық қызметтер» мәзірінде «Сенімсіз салық төлеушілерді іздеу» бөліміне өтуіңіз қажет.

Толық ақпаратты тіркеу орны бойынша немесе 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы алуға болады.