
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2023 жылғы 26 қарашасынан бастап Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп жəне құрылыс министрінің 2023 жылғы 07 қарашадағы № 59 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан тас көмірді; тас көмірден алынған брикеттерді, шекем тастарды және қатты отынның ұқсас түрлерін: тозаң түріндегі немесе тозаң түріндегі емес, бірақ агломерацияланбаған тас көмірді (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды (бұдан әрі - ЕАЭО СЭҚ ТН коды) 2701); гагаттан басқа лигнитті немесе, агломерацияланған немесе агломерацияланбаған қоңыр көмірді (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2702) автомобиль көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілгендігін хабарлайды.