Date of publication: 28.11.2023 17:59
Date of changing: 28.11.2023 18:02

2023 жылғы 24 қарашада Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Атамекен» ҰКП ШҚОФ өкілімен, салық төлеушілермен, бөлшек сауданы жүзеге асыратын саудагерлермен, консалтингтік компаниялармен, БАҚ және блогерлермен салық заңнамасының өзекті тақырыптары бойынша ZOOM конференциялары арқылы оффлайн және онлайн форматында семинар-кеңес ұйымдастырды.

Семинарды Шығыс Қазақстан облысы бойынша Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасының (бұдан әрі – ТЖ және БОБ) басшысы Сабралимова Гүлмира Камильевна ашты.

Одан кейін семинарды Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының ҚҚС-ты әкімшілендіру бөлімінің басшысы Ерасыл Азамат ҚҚС есебін есепке алу және ҮКИЖ артықшылықтары туралы жалғастырды.      

Семинар барысында жанама салықтарды әкімшілендіру  басқармасының акциздерді әкімшілендіру бөлімінің бас маманы Манарбек Байділдин аяқ киімдерді таңбалау тәртібі мен аяқ киім өнімдерін айналымға енгізу ережелеріне тоқталды. Аяқ киімді таңбалау тақырыбын «Қазақтелеком» АҚ еншілес ұйымы «Цифрлық экономиканы дамыту орталығы» ЖШС аяқ киімді таңбалау жобасының жетекшісі Ерлан Қарабаев жалғастырды.

ТЖ және БОБ басшысы Гүлмира Сабралимова іс-шараға қатысушыларды басшыларға, заңды тұлғалардың құрылтайшыларына (қатысушыларына) және жеке кәсіпкерлерге, сондай-ақ олардың жұбайларына арналған жалпыға бірдей декларацияның 3-кезеңінің басталуы туралы хабардар етті. Ол салық есептілігін толтыру тәртібі мен әдістері, тапсыру мерзімі және ережелері туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сондай-ақ ол бөлшек сауда салығы бойынша арнайы салық режимін қолдану, жеке табыс салығы бойынша жеңілдіктер, қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлем, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «e-Salyq Azamat» цифрлық инновациялары, «e-Salyq Business», «Salyq Bot» чат боты және салық заңнамасындағы басқа да жаңалықтар туралы баяндады.

Резидент заңды тұлғаларды тарату тәртібімен камералдық мониторинг бөлімінің басшысы Риза Нұрлыбекова таныстырды.  

Сөз соңында салық төлеушілер Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдеріне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, түсіндірме үшін алғыстарын білдірді. Барлық сұрақтарға жауап берілді. 

Салық төлеушілерге әмбебап декларация және «e-Salyq Azamat», «e-Salyq Business», «SalyqBot» цифрлық инновациялары туралы буклеттер ұсынылды. Сондай-ақ, салық төлеушілермен кері байланыс жасау әдістерінің тиімділігі мен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын анықтау мақсатында сауалнама арқылы кәсіпкерлерге әлеуметтік сауалнамалар жүргізілді.