Date of publication: 22.11.2023 16:40
Date of changing: 22.11.2023 16:42

2021 жылғы 1 қарашадан бастап Қазақстанда Үкіметтің қаулысымен аяқ киім тауарларын міндетті таңбалау және қадағалау енгізілді.

ҚР-ға әкелінген немесе ҚР аумағында өндірілген таңбалауға жататын аяқ киім тауарларының тізбесі ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 568 «Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін айқындау туралы» қаулысымен  айқындалған.

Аяқ киім тауарлары айналымына қатысушылар – Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, дара кәсіпкер ретінде тіркелген заңды тұлғалар немесе жеке кәсіпкерлер.

Аяқ киім тауарларын айналымға енгізу оларға сәйкестендіру құралдарын түсіру және аяқ киім тауарларын таңбалау туралы мәліметтерді ТТҚ АЖ-не беру арқылы жүзеге асырылады.

Өндірушілер Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген аяқ киім тауарларын жаңа меншік иесіне немесе өзге тұлғаға өткізгенге дейін сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды жүзеге асырады.

Импорттаушы Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өндірілген аяқ киім тауарларын Қазақстан Республикасының аумағына әкелгенге дейін немесе аяқ киім тауарларын ішкі тұтыну немесе кері импорт үшін шығарудың кедендік рәсімдерімен орналастырғанға дейін таңбалауды қамтамасыз етеді.          

Бөлшек сатуды жүзеге асыратын қатысушылар айналымды жүзеге асыру басталғанға дейін ТТҚ АЖ-де тіркеледі.

Аяқ киім тауарларын сәйкестендіру құралы DataMatrix GS1 екі өлшемді штрих-код түрінде аяқ киім тауарына немесе аяқ киім тауарының тұтыну қаптамасына немесе аяқ киім тауарының тауар таңбасына қолданылады.           

Қазақстан Республикасының аумағында аяқ киім тауарларының айналымы/қайтарылуы кезінде аяқ киім тауарына немесе аяқ киім тауарының тұтыну қаптамасына немесе аяқ киім тауарының тауар таңбасына сәйкестендіру құралдарын салу осындай тауарлар өндірілетін немесе сақталатын орындарда, әкелінген жағдайда - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын іс жүзінде кесіп өткенге дейін ішкі тұтыну немесе кері импорт үшін шығарудың кедендік рәсімдерімен орналастырылғанға дейін жүзеге асырылады.

Аяқ киім тауарларын қабылдау ЭЦҚ - ға қол қойылған және ТТҚ АЖ-не берілетін тауарды нақты қабылдау жүзеге асырылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылдау-беру актісіне қол қою арқылы жүзеге асырылады.

Толық ақпаратты  https://markirovka.ismet.kz сайтынан немесе 8(7232)70-10-41 телефон нөмірі бойынша Департаменттің Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасынан алуға болады.